2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсанда № 36-3 Шешімі
(2011.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011.30.03. № 38-6 Шешімімен (бұр.ред.қара); 2011.28.04. № 39-3 Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.08. № 41-3 Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 44-3 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет,тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 17530360 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4140631 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 172625 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 829160 мың теңге;
трансферттер түсімі - 12387944 мың теңге;
2) шығындар - 17546258 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 15898 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 15898 мың теңге:
қарыздар түсімі - 512000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 553000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 56898 теңге.
2. Жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 2011 жылға арналған түсімдердің жалпы сомасы 30 пайыз мөлшерде белгіленсін.
3. 2011 жылға 7296043 мың теңге мөлшерінде субвенция орнатылсын.