Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 Қаулысы
(2011.02.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 208 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссия - Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, елдің экономикалық дамуына және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
Пайымдау - Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану әрі экономиканың түрлі саласының жергілікті жердің және мемлекеттік топонимиканың қазіргі жағдайына сәйкес келетін геодезиялық және картографиялық өнімдерге қажеттілігін толық қанағаттандыру.
2-бөлім. Жерді пайдалану мен қорғаудың, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің ағымдағы
жай-күйі мен дамыту үрдісінің талдауы
1. 1-стратегиялық бағыт. «Жер ресурстарын ұтымды пайдалану».
1.1. Жердің жай-күйін және жер ресурстарын пайдалануды реттейтін саланы дамытудың негізгі параметрлері.