«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 86 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ережеде:
8-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтағы «жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті» деген сөздер «жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы № 86
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 27 шілдедегі
№ 1140 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің
құрамы
| Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлы | - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің терағасы, төраға |