Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 Қаулысы
(2011.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6. Тәуекелдерді басқару
7. Бюджеттік бағдарламалар
ҚР Үкіметінің 2011.30.11. № 1392 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы - мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсетуге, мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына, ұлт бірлігінің нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әріптестігінің тиімді жүйесін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді іске асыру.
Мәдениет министрлігінің пайымдауы - ұлттық бірліктің мызғымас қағидаттары, азаматтық бастамаларды іске асырудың тиімді тетіктері бар жалпыұлттық мәдени және тілдік орта.
ҚР Үкіметінің 2011.30.11. № 1392 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)