«Құрметті байланысшы» атағын беру туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 402 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 297 бұйрығымен бекітілген «Құрметті байланысшы» атағын беру ережесіне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрметті байланысшы» атағы:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізім бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметкерлеріне;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізім бойынша «Қазпочта» акционерлік қоғамының қызметкерлеріне;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Ұлттық телекоммуникация қауымдастығының қызметкерлеріне;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетінің қызметкерлеріне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмысы департаменті (А.В. Задорожный) осы бұйрықты мүдделі ұйымдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: «Құрметті байланысшы» атағына үміткерлерді қарау Комиссияның 2011 жылғы 12 желтоқсандағы хаттамасы.
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрінің
2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 402 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметкерлерінің «Құрметті байланысшы» атағын беруге арналған
тізімі
1 | Нұрболат Тілеубердіұлы Базлуов | - | «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясының телекоммуникациялар бөлімінің бас маманы; |