«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 196 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 243-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 3 ақпандағы
№ 196 қаулысынa
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 ақпандағы
№ 134 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы
Бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында көмірсутек шикізаты бөлігінде отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың көмірсутек шикізатына және оны қайта өңдеу өнімдеріне өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту.
Пайымдауы