Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 93524070,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 5860471,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 70941,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 87588655,0 мың теңге;
2) шығындар - 92868828,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1763431,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2314484,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 551053,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 728435,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 728435,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1836624,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1836624,0 мың теңге.
2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.
3. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке түсетін бюджеттік алымдардың көлемдері 8238573,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
Қостанай қаласынан - 4407329,0 мың теңге;
Лисаков қаласынан - 271118,0 мың теңге;
Рудный қаласынан - 3560126,0 мың теңге.
4. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар мен облыстық маңызы бар қала бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері 18573806,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
Алтынсарин ауданына - 737921,0 мың теңге;
Амангелді ауданына - 1171592,0 мың теңге;
Әулиекөл ауданына - 1700532,0 мың теңге;
Денисов ауданына - 937816,0 мың теңге;
Жангелдин ауданына - 1286956,0 мың теңге;
Жітіқара ауданына - 960525,0 мың теңге;
Қамысты ауданына - 917518,0 мың теңге;