Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтажы үшін мүлкін реквизициялауға болмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 226 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтажы үшін мүлкін реквизициялауға болмайтын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 ақпандағы
№ 226 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтажы үшін мүлкін реквизициялауға болмайтын ұйымдардың
тізбесі
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен
консулдық мекемелері
1. Австрия Республикасы;
2. Америка Құрама Штаттары;
3. Армения Республикасы;
4. Ауғанстан Ислам Республикасы;
5. Әзірбайжан Республикасы;
6. Беларусь Республикасы;
7. Бельгия Корольдігі;
8. Болгария Республикасы;
9. Бразилия Федеративтік Республикасы;
10. Біріккен Араб Әмірліктері;
11. Ватикан Қасиетті Престол;
12. Венгрия Республикасы;
13. Вьетнам Социалист Республикасы;
14. Германия Федеративтік Республикасы;
15. Грек Республикасы;
16. Грузия;
17. Египет Араб Республикасы;
18. Жапония;
19. Израиль Мемлекеті;
20. Индонезия Республикасы;
21. Иордан Хашимиттік Корольдігі;
22. Ирак Республикасы;
23. Иран Ислам Республикасы;
24. Испания Корольдігі;
25. Италия Республикасы;
26. Канада;
27. Катар Мемлекеті;
28. Корей Республикасы;
29. Куба Республикасы;
30. Қасиетті Иоанн, Иерусалим, Родос және Мальтаның егеменді әскери ордені;
31. Қырғыз Республикасы;
32. Қытай Халық Республикасы;
33. Латвия Республикасы;
34. Ливия;