Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар минстрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 12 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесін бекіту және оларды құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтері туралы ереже бекітілсін.
2. «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 21 мамырдағы № 221 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің келісімі бойынша тиісті Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтері ішкі ережесін бекітсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің төрағасы
С. Нокин
2011 жылғы 18 қаңтар
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
С. Баймағанбетов
2010 жылғы 27 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
С. Қайырбекова
2010 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрі
А. Рау
2010 жылғы 17 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрі
А. Жұмағалиев
2011 жылғы қаңтар
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Күрішбаев
2011 жылғы 12 қаңтар
Қазақстан Республикасының