Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытуды 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 366 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1410 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға карай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың Іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 366 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған
бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
| Бағдарламаның атауы | Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасы |