«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына
рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 9 қарашадағы
№ 1113 қаулысымен
Бекітілген
Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетiн кемелердiң каботажды
жүзеге асыруына рұқсаттар беру ережесi
1. Осы Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереженің күші шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетiн (бұдан әрi - шетел кемесi) және Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсiру портына (пунктіне) дейiн тасымалдау мен сүйретiп жүзудi жүзеге асыратын барлық кемелерге қолданылады.
3. Шетел кемелерiмен каботажды жүзеге асыруға рұқсатты өз құзыретi шегiнде сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды iске асыруды, қызметті үйлестіру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкілетті орган) бередi.
4. Шетел кемелерiмен каботажды жүзеге асыруға рұқсат мынадай жағдайларда беріледi, егер: