Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде сапа менеджменті жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 05-4/528 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2012 жылғы 28 ақпандағы № 05-3/77 бұйрығы
(2012.30.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 17-2/702 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2012.31.05. № 1-3/289 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) Сапа менеджменті мәселелері жөніндегі кеңес құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторлары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тұлғалар белгіленсін.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі сапа менеджменті мәселелері жөніндегі кеңес туралы ереже;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2012.30.11. № 1-3/620 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде сапа менеджменті жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 05-4/528 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2012.31.05. № 1-3/289 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жауапты хатшысының
2012 жылғы 28 ақпандағы
№ 05-3/77 бұйрығына
1-қосымша
Сапа менеджменті мәселелері жөніндегі кеңес құрылымы
Жауапты хатшы
Су ресурстары комитетінің төрағасы
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы