Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 293 бұйрығы
(2011.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының басқару қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.
2. ІІМ комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары жеке құрамның Регламентті зерделеуін және оны бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін.
3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары Регламентті зерделеуді ұйымдастырсын және оның негізінде құзыреті шегінде бір ай мерзім ішінде өз аппараттарының регламентерін әзірлесін және бекітсін, оларды жеке құрамның қатаң сақтауын қамтамасыз етсін.
4. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 305, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 3 шілдедегі № 248, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 22 шілдедегі № 289 бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Ішкі істер министрлігінің ішкі тәртіп мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 151 бұйрығында:
1-тармақ алынып тасталсын;