Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 772 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды
«Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-5/612 бұйрығын қараңыз
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 маусымдағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген
Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидадаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;