«2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 330 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 342 шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы кезекті IIIL сессиясының № 330 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4282 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 239-240 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
1-тармақтағы:
1) тармақшадағы:
«78 977 749» деген сандар «108 488 344» деген сандармен ауыстырылсын;
«71 627 490» деген сандар «101 138 085» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«78 977 749» деген сандар «108 175 844» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«-625 432» деген сандар «1 943 307» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
«625 432» деген сандар «-1 943 307» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
«-625 432» деген сандар «1 943 307» деген сандармен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне республикалық бюджет қаржысы есебінен төмендегі көлемде ағымдағы нысаналы трансферттердің қаралғаны ескерілсін:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 1 119 840 мың теңге;