Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 22 мамырдағы
№ 437 қаулысымен
бекітілген
Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын
мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын (бұдан әрі - инспекторлар) аттестациядан өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Ереженің мақсаты үшін инспекторлар деп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттік құрылыс инспекторлары ұғынылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) жергілікті органдар - сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдар;
3) уәкілетті органның басшысы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы;