Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 шілдедегі № 986 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысымен күші жойылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидалары;
2) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
3) етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
4) етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны*;
5) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
6) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
7) етті тұқымды аталық бұқа ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
8) етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
9) биязы және биязылау жүнді тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
10) ұяң жүнді және қылшық жүнді тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
11) қаракөл тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
12) сүтті тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
13) түбіт тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
14) жүнді тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
15) шошқаның асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
16) зауыттық тұқымды жылқының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;