Осы редакция 2012 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 394 қаулысымен
бекітілген
«Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.01.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайы осы «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілетті органдарының шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру үшін құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама, не қағаз жеткізгіште бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.