«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1223 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010ж., №5, 63-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 1223 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2318 қаулысымен
бекітілген
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімінің аппараты, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - ЖАО), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) көрсетеді.
Шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызметтерді Мобильді орталықтары арқылы көрсетуге жол беріледі.