Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешімі
(2014.05.02. берілген өзгерістермен)
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/455 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңының 21-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы бекітілсін.
2. Облыстық мәслихаттың мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
«Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2017 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 24 маусымдағы № 97 жарияланған) 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешімі;
«Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2037 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 11 жарияланған) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 10/127 шешімі;
«Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2069 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 3 маусымдағы № 94-95 жарияланған) 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 24/286 шешімі.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Н. Тумышев |
| Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Құрылыс және