ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 154 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1151 қаулысымен
бекітілген
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе
бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - тіркеуші орган) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47-үй, 2717-кабинет.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17-бабының 11) тармақшасы және 36-бабының 4-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсында: www.mint.gov.kz, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналастырылады.
5. Осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі;