Введите номер документа
Прайс-лист

«Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1151 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 5 сентября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 мая 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 154 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 қыркүйектегі

№ 1151 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - тіркеуші орган) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, 2717-кабинетте көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 111-бабының 6-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсында: www.mіnt.gov.kz, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарату қорының қаражатын пайдалануға рұқсат беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей көрсетіледі;

2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алған кезде құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды алудың рұқсат берілген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами