Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 214 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қорғау аймағын белгілеу жобаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылы 27 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2472, 2008 жылғы 16 ақпанда № 21-22 (15931) «Дидар», № 25-26 (18459) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы
аумақтық инспекциясы бастығының
міндетін атқарушы Е. Упобаев
2012 жылғы 04 қыркүектегі