Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 970/8 Қаулысымен бекітілген)

Информация о документе
Датапонедельник, 27 августа 2012
Статус
Действующийвведен в действие с 27 августа 2012
Дата последнего измененияпонедельник, 27 августа 2012

Павлодар облысы әкімдігінің

2012 жылғы 27 тамыздағы

№ 970/8 Қаулысымен бекітілген

 

 

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» (бұдан әрi - мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет:

1) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - бөлiм) жүгiнген кезде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орын келесi мекенжайда орналасқан:

141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 87 «а», телефоны (8(7187)77-01-35), жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, демалыс күндерi - сенбi, жексенбi; сайты: enbek-ekibastuz.skom.kz.

2) осы регламенттiң 3-қосымшасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша кенті, ауыл және ауылдық округ әкiміне жүгiнген кезде көрсетiледi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесі тұтынушыға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарлама, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағыштан жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушыларға) көрсетіледі.

7. Тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

бөлiмге жүгiнген кезде - жеті күнтiзбелiк күн iшiнде;

тұрғылықты орны бойынша кенті, ауыл және ауылдық округ әкiмiне - жиырма екі күнтiзбелiк күннен кешіктермей.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами