Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 21 қарашадағы
№ 1474 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Каспий теңiзi түбiнiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген қазақстандық учаскесi шегiнде келiсiм-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 625 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 250-құжат).
2. «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 199-құжат).
3. «Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 223-құжат).
4. «Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 241-құжат).