Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1491 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1318 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1237 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 22-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С.Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 1491 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын»
мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
құрамы
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға |
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы, хатшы |
«Театр және кино, әдебиет, журналистика» секциясы |
Мұхамедиұлы Арыстанбек | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесінің ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, секция жетекшісі |