Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылы 7 қарашадағы № 178 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Автоматизациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттiк қызметтiң үлгi регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мұрағаттық анықтамалар беру»;