ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 178 бұйрығына
2-қосымша
«Мұрағаттық анықтамалар беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесімен, орталық мемлекеттік мұрағаттармен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы баламасыз негізде (бұдан әрі - Орталық) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматизациялау дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар:
1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;
2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
3) алушы - электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
4) бизнес-сәйкестендіргіш нөмір - қызметін бірлесіп жүзеге асырушы жеке кәсіпкер және заңды тұлға (бөлімше және өкілдік) үшін қалыптасқан бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);
5) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе - бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі - БНАЖ);