Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 306 Бұйрығы
(2013.29.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Негізгі қорлар жағдайы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0011104, индексі 11, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Негізгі қорлар жағдайы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0011104, индексі 11, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0071102, индексі 1-МКҰ, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0071102, индексі 1-МКҰ, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0061104, индексі 1-МКҰ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0061104, индексі 1-МКҰ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0051102, индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;