2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімі
(2013.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 675/01-06 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013.12.02. № 10/112-V шешімімен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.17.04. № 11/119-V шешімімен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 12/135-V шешімімен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.09.08. № 13/155-V шешімімен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.24.10. № 15/180-V шешімімен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 16/185-V шешімімен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 191568970,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 23843052,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1980800,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 165745118,8 мың теңге;
2) шығындар - 191917078,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 8498588,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 9839277,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1340689,0 мың теңге;