2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 Қаулысы
(2013.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2013.22.10. № 158-1797 Қаулысымен барлық мәтіні бойынша және жоғарыда аталған қаулыға қосымшадағы «мен оқитын жастар үшін», «мен оқитын жастардың» деген сөздер алынып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылы жұмыссыздар ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындармен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тиісті қаржылық жылына осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар Тізбеге енгізуге жатады.
2. Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп, 2013 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар оқудан бос уақытта ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.