2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 101 бабына және Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 495 бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес арттырсын.
2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 379 «2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 871 болып тіркелген және «Алматы ақшамы» газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 2 және «Вечерний Алматы» газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 3 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік-құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы А. Шелипановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына Е. Шормановқа жүктелсін.
5. Осы шешім 2012 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХХХ сессиясының төрағасы | Д. Петрухин |
| IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |
IV сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XXXXX сессиясының
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 491 шешіміне қосымша
2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақы ставкалары