Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 392 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;