ҚР Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 11 қарашадағы
№ 392 бұйрығына 1-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызметтің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі Орталық) арқылы көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, салық төлеуші ретінде заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) туралы немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеу), заңды тұлғаның филиалы мен өкілдіктерін есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) қағаз түріндегі бас тартуды ұсыну болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар