Қазақстан Республикасындағы сурдологиялық көмекті жетілдіру бойынша «Жол картасы» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 777 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында ересектерге және балаларға сурдологиялық көмекті одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасындағы сурдологиялық көмекті жетілдіру бойынша «Жол картасы» іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қосымша
Қазақстан Республикасындағы сурдологиялық көмекті
жетілдіру бойынша «Жол картасы» іс-шараларының жоспары
| № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімдері | Жауапты тұлғалар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Жалпы республика бойынша есту бұзылулары бар тұлғалар контингентін, оның ішінде естуді протездеу көмегін қажет ететіндерді есепке алу | Есту аппараттарымен қамтамасыз етуді қажет ететіндердің саны | 2012 жылғы 4 тоқсан | «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы» РМҚК, МҚҰД |
| 2. | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде естудің әртүрлі бұзылулары бар тұлғаларды есту аппараттарымен кезеңімен қамтамасыз ету үшін қаржы есептерін жүргізу | РБК қарауға бюджеттік өтінімді қалыптастыру | 2013 жылғы 2 тоқсан | «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы» РМҚК, МКҰД, ЭҚД |