Введите номер документа
Прайс-лист

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 14 января 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2014

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 Қаулысымен күші жойылды

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы 14 қаңтардағы

№ 10 қаулысымен бекітілген

 

 

 

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламенті


1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы - жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - алушы);

2) құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) -мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазымды тұлғалар;

3) орындаушы - тіркеуші органның қызметкері;

4) тіркеуші орган - «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызметін тіркеуші орган көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы 27 бабының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1151 қаулысымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - кәулік) немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру (бұдан әрі - бас тарту) болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!