Әлеуметтік статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық
нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 254 Бұйрығы
(2011.18.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1291104, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1291104, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Техникалық және кәсіптік білім беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1301104, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Техникалық және кәсіптік білім беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1301104, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Жоғары оқу орнының есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1311104, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Жоғары оқу орнының есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1311104, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Тұруды қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі ұйымның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1401104, индексі 3-әлеуметтік қамсыздандыру, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;