Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 379 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі (бұдан әрі- тізбе) бекітілсін.
2. Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы (Қ.С. Оразбаев) жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жерді резервте ұстауды тізбеге сәйкес жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.З. Паритовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облыстық геология
және жер қойнауын пайдалану
инспекциясының бастығы
Н.Ә. Атшыбаев
21 желтоқсан 2011 ж.
Маңғыстау облысының жер
қатынастары басқармасы
бастығының міндетін атқарушы
Б.Р. Тоқшаев
21 желтоқсан 2011 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2011 жылғы 21 желтоқсан
№ 379 қаулыcымен бекітілген
Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі
| № | Кен орны, кең таралған пайдалы қазбаның атауы, орналасқан жері | Географиялық координаталары |
| № | Солтүстік ендік | Шығыс ұзақтық |
| 1. | Қарақия ауданындағы Жетібай станциясы маңынан топыраққа барлау жүргізу | 1. 2. 3. 4. | 43Ү32ө44,43өө 43Ү32ө46,53өө 43Ү35ө15,84өө 43Ү35ө13,64өө | 52Ү07ө59,74өө 52Ү07ө41,94өө 52Ү07ө41,96өө 52Ү07ө59,53өө |