Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың
2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысы
(2012.20.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Реслубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Респуликасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 сәуірдегі
№ 473 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған
бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 2012.20.04. № 501 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламаның паспорты
| Атауы | Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы |
| Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялык даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтары |