«2013 жылға арналған ғылыми-практикалық конференциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 42 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 183 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 183-тармағына сәйкес, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «2013 жылға арналған ғылыми-практикалық конференциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 42 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2013 жылға арналған ғылыми-практикалық конференциялардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Жауапты хатшысының
2013 жылғы 26 наурыздағы
№ 183 бұйрығына қосымша
2013 жылға арналған ғылыми-практикалық конференциялардың
тізбесі
№ | Атауы | Өткізу мерзімі мен орны | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Жауапты құрылымдық бөлімше |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | «Вакциналар және иммунопрофилактиканың тиімділігі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы | Сәуір Алматы қ. | қарар | ГЭҰО | МСЭҚК |
2 | Қазақстан Республикасы хирургтарының IV конгрессі | Сәуір Алматы қ. | қарар | ҰҒМО | МКҰД ҒАРД |
3 | «Болондық үдерістегі Қазақстандағы медициналық білім беру интеграциясы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы | Мамыр Алматы қ. | қарар | КазҰМУ | ҒАРД |