Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 126 бұйрығы
(2015.15.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау ұйымдары шығындарының орнын толтыру қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.15.09. № 724 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін және көрсетілетін медициналық қызмет үшін ақы төлеуді бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 899 бұйрығында:
Жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін және көрсетілетін медициналық қызмет үшін ақы төлеуді бақылау қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) «Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 бұйрығында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: