Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 125 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.Қ Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 5 сәуірдегі
№ 125 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір күші жойылған
бұйрықтарының тізбесі