Бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу критерийлерін әзірлеу жөніндегі жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 46 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының (Монополияға қарсы агенттік) 2013 жылғы 20 ақпандағы № 53-ОД бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 2484-8 тапсырмасының бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу критерийлерін әзірлеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу критерийлерін әзірлеу жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты құрылымдық бөлімшілері Жол картасының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Т.С. Баймұхановқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі | Е. Досаев |