Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 980 Қаулысымен күші жойылды
Петропавловск қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 14 қарашадағы
№ 2373 қаулысымен
бекітілген
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - регламент) регламентінде келесі ұғымдар қолданылады:
1) уәкілетті орган - «Петропавл қаласынының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2) уәкілетті органның басшылығы - «Петропавл қаласынының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығы;
3) аудан әкімдігі - тиісті аумақта өз құзіреті аясында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын, аудан әкімімен басқарылатын алқалы атқарушы орган.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабы 4 тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес аудандық білім бөлімі - «Петропавл қаласынының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - білім бөлімі) көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 124-125-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген ««Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде жүзеге асырылады.