Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 386 қаулысымен
бекітілген
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
қағидалары
1. Осы Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 89-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бала асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарды (бұдан әрі - азаматтар) есепке алуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Азаматтарды есепке алуды ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары (бұдан әрі - орган) жүзеге асырады.
3. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (бұдан әрі - бала) асырап алуды қалайтыны туралы жазбаша өтініш береді, оған мынадай құжаттар:
1) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімі;
4) көршілерінің кемінде үш ұсыным хаты;
5) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама;
6) отбасы жағдайы туралы анықтама;