БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы үшінші мерзімді баяндаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 617 Қаулысы
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымда ратификациялаған БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясы 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы үшінші мерзімді баяндама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы үшінші мерзімді баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауларға қарсы комитетіне жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 617 қаулысымен
бекітілген
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Азаптауларға қарсы комитет
БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке
жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау
түрлеріне қарсы конвенциясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан
Республикасы қабылдаған шаралар туралы үшінші мерзімді
баяндама
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. 1-бөлім: Жалпы мәліметтер
ІІІ. 2-бөлім: Конвенцияның 1-бөлігінің баптары бойынша ақпарат
1, 4, 5-баптар
2-бап
6-бап
7-бап
8, 9-баптар
10-бап
11-бап
12-бап
13-бап
14-бап
15-бап