Жаңа технологияларды игеру және ғылыми әзірлемелер мен жетістіктерді енгізу, қолданыстағы алтын өндіруші сала кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 99 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 113 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевтің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 17-5/05-609 қбпү хаттамалық шешімінің 2.2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған жаңа технологияларды игеру және ғылыми әзірлемелер мен жетістіктерді енгізу, қолданыстағы алтын өндіруші сала кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Е.М. Мұратовқа және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Н.М. Ыбырайымға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі | А.П. Рау |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі | Б. Жұмағұлов |
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
2013 жылғы 1 сәуірдегі № 99
және Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
2013 жылғы 1 сәуірдегі № 113
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Жаңа технологияларды игеру және ғылыми әзірлемелер мен жетістіктерді енгізу,
қолданыстағы алтын өндіруші сала кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
№ т/б | Іс-шаралар | Аяқталу формасы | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Алтын шығаратын кәсіпорындардың минералды-шикізаттық базасын және алтын кендерін өндіру технологияларын дамыту |