Білім саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 436 Қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабындағы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған:
1) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»;
2) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
3) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
4) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»;
5) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
6) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»;
7) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға жатақхана беру»;