Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы № 134 шешімі
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 321 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 қазандағы «Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» № 136 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2009 жылы 12 қарашада № 2-1-105 нөмірімен тіркелген, «Талдықорған» газетінің 2009 жылғы 20 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.