Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
2013 жылғы 6 маусым № 105
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес жасалған.
2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлар тізбесі осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі - селолық округтің әкімі) жүгінеді, мекенжайлар тізбесі осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.